20
февраль
2025
PISA-2025 негізгі зерттеуі
2025 жылдың 20 ақпан күні «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Халықаралық PISA-2025 зерттеуінің негізгі кезеңін өткізу бойынша дайындық жұмыстарының барысы туралы педагогтерге түсіндірме жұмыстары жасалды. Түсіндірме жұмыс барысында, мына төмендегі жайттарға толығырақ тоқталды: Қазақстанда PISA-2025 негізгі зерттеуі а.ж. 01 сәуір ‒ 23 мамыр аралығында өтеді. Зерттеуге 2009 жылы туған білім алушылар қатысады, сондай-ақ ББҰ-ның директорлары сауалнама толтырады.2025 жылы әлемнің 91 мемлекетінде PISA зерттеуінің кезекті циклі өтеді. Осы циклде жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық зерттеудің басым бағыты, ал Цифрлы әлемде білім алу (Learning in the digital world) инновациялық бағыты болады. Қосымша ақпаратты https://taldau.edu.kz/kz/o-mezhdunarodnom-ocenivanii/pisa сайтына орналастырылғанын жеткізді.




















