2022-2023 оқу жылы.Қазақ тілі пән бірлестігі атқарылған жұмыстар
«Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қазақ тілі-қазақ әдебиеті әдістемелік бірлестігінің 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстары туралы
Анықтама
2022-2023 оқу жылында қазақ тілі-қазақ әдебиеті әдістемелік бірлестігі «Білім беру үдерісін нәтижелі қорытындылау-білім сапасының кепілі» тақырыбында жұмыстар жүргізілді.
Қазақ тілі-қазақ әдебиеті әдістемелік бірлестігі жұмысының мақсаты:
- Қазақ тілі-қазақ әдебиеті оқушыларына сапалы білім мен тәрбие беру мақсатында мұғалімдердің жұмысын жетілдіру, дамыту.
- Білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді қамтамасыз ету.
2022-2023 оқу жылында қазақ тілі-қазақ әдебиеті әдістемелік бірлестігінің міндеттері:
1.Әр оқушыға қабілетіне қарай мемелекеттік стандарт талабына сай сапалы білім беру.
2.Қазақстан Республикасының болашақ азаматтарын – білімді, білікті, саналы жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.
3.Мектептің білім деңгейін арттыруда, жеке тұлғаны дамытуда білім стандарттарын, оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын және нормативтік құжаттарды, нұсқаулық-әдістемелік материалдарды тиімді пайдалану арқылы белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Қазақ тілі-қазақ әдебиеті - бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту,тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі іске асыруға қолайлы жағдай туғызатын негізгі буын. Сондықтан мектептегі тұтас білім сапалы нәтижеге жету үшін оның қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқу тәрбие үрдісі заман талаптарын қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастыруы керек.
Мектептің педагогикалық ұжым мұғалімдері ҚР «Білім туралы» Заңын ҚР тұжырымдамасын жүзеге асыру және мектеп жарғысына сәйкес адам өмірімен денсаулығын қадірлеу жеке тұлғаның еркін дамуын қалыптастыру мақсатында 2022-2023 оқу жылының 1 жарты жылдығында бірқатар жұмыстар жүргізді.
«Білім-адам баласының ортақ қазынасы,»-деп Жүсіп Баласағұн айтқандай қай елдің болсын өсіп-өркендеуі,ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды,»-дегендей жас ұрпақ саналы, мән-мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Мектебімізде қазақ тілі – қазақ әдебиеті әдіс бірлестігінде 8 мұғалім еңбек етеді.
- Барлығы 8 мұғалім
Оқу жылының басында.Әрбір сынып жетекшілері пән бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспарларын құрып, жылдық ,айлық жоспарлар жасалынып,бекітілген және осы бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Пән мұғалімдеріне тиесілі міндеттерімен апталық жүктемелер бөлінді.
Оқу бағдарламасы, бөлімдері оқу жылында меңгерілетін және мұғалім тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын, ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылды
«Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің 2022-2023 оқу жылына жасаған жылдық жоспары
Қ/сы | Жұмыстың бағыттары | Жұмыстың мазмұны | Мерзімі | Жауапты |
1 | ӘБ отырыстары | Жаңа оқу жылындағы әдістемелік бірлестік жоспарын талқылау Нормативтік құжаттармен жаңа бағдарламалар және оқулықтармен танысу.Мұғалімдерді ішкі тәртіп ережесімен таныстыру | 25-29тамыз | Ұ.Асылбаева |
2 | ӘБ отырыстары | Мұғалімнің күнтізбелік жоспарын талқылау,бекіту ұсыну.Таңдау пәндеріне ,ақысыз үйірмеге арналған бағдарламаларды талқылау .Жаңа оқу жылына ашық сабақтарды жоспарлау,кестесін жасау. | 25-29 тамыз | Бірлестік мүшелері |
3 | Оқушылармен жұмыс | Қабілеті жоғары балаларды анықтау жұмыс жоспарын құру. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу.2022-23 оқу жылында білім сапасын ай сайын тоқсан қосымша алынуы | қыркүйек | Бірлестік мүшелері |
4 | Оқушылармен жұмыс | Оқушылардың минуттап оқу жылдамдықтарын тексеру,қорытындылау сынып оқушыларының коллиграфиясының сапасы туралы | қазан үнемі | Бірлестік мүшелері Ұ.Асылбаева |
5 | Оқушылармен жұмыс | Оқушылардың пәндік олимпиадаларын өткізу.Оқушылардың білімін тексеру, бақылау,диктант жұмыстарын алу, қорытындысын талдау | Қазан | Бірлестік мүшелері |
6 | Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау | Шығармашылық тақырыптар бойынша жұмыс жүргізу | қараша | Бірлестік мүшелері |
7 | Оқу үдерісінің ұйымдастырылуын жақсарту | Өзара сабаққа ену. Бастауыш сыныптар апталығының өткізілу жоспарын жасау | Үнемі қараша | Ұ.Асылбаева |
8 | Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау | Пән кабинеттерін жабдықтау Ғылыми әдістемелік әдебиеттермен кабинетті толықтыру | жыл бойы | Бірлестік мүшелері |
9 | Оқушылармен жұмыс | Тоқсан соңында оқушылардың білім деңгейіне байланысты қорытынды есеп беру | Әр тоқсан соңында | Ұ.Асылбаева Бірлестік мүшелері |
10 | Оқу үдерісінің ұйымдастырылуын жақсарту | Мұғалімдердің шығармашылық есебін тыңдау. Пән апталықтарымен сыныптан тыс мерекелік іс-шараларды өткізу | қаңтар | Ұ.Асылбаева Бірлестік мүшелері |
11 | Оқытудың бағдарламалық қамтамасыз етілуі | ББЖМ-ға дайындық жұмыстарын жүргізу | қаңтар | сынып жетекшілері |
12 | Оқытудың бағдарламалық қамтамасыз етілуі | Мұғалімдер мен оқушылардың аудандық,облыстық байқауларға қатысуы | уақытында | Ұ.Асылбаева Бірлестік мүшелері |
13 | Оқушылармен жұмыс | Оқушылардың минуттап оқу жылдамдықтарын тексеру,қорытындылау 2-4 сынып оқушыларының коллиграфиясының сапасы туралы | ақпан | Ұ.Асылбаева Бірлестік мүшелері |
14 | Оқушылармен жұмыс | Оқушыларды ғылыми жобалар сайысына дайындау | ақпан | Бірлестік мүшелері |
15 | Оқушылармен жұмыс | 5-сынып оқушыларының сауат ашу деңгейін саралау | наурыз | Ұ.Асылбаева |
16 | ӘБ отырыстары | Мұғалімдердің әдістемелік жинақтарын жүйелеу | сәуір | Ұ.Асылбаева Бірлестік мүшелері |
17 | Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау | Аудандық пед оқуға ұсынылатын баяндамаларды талқылап ұсыну | мамыр | Ұ.Асылбаева Бірлестік мүшелері |
Қыркүйек айының 17-і мен 22-сі аралығында 22 қыркүйек – Тіл мерекесіне байланысты «Ұлттың ұлы ұстазы» атты іс-шара болып өтті. Пән мұғалімдері,сынып жетекшілері оқушыларды қатыстыра отырып, жоспар бойынша бірнеше жұмыстар жүргізілді.« Ахмет тағылымы» деген тақырыпта Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін нақышына келтіріп ,мәнерлеп оқыды.
Кешіміз 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Ахмет Байтұрсынұлы өмірі туралы , қай жылы, қай өңірде дүниеге келгені туралы ой қозғау
Екінші бөлім «Мысалмен айтқан көп ойлар» (аудармалары мен мысалдарын сахналау
Тіл мерекесіне қатысты 5-11сынып оқушылары арасында онкүндікке қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды
Қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік бірлестігінің ашық сабақтар кестесі түзілген,кесте бойынша барлық мұғалімдер дер кезінде ашық сабақтарын уақытымен өтті. Жоспарланған ашық сабақтарға тоқталсам 3 0.09.22ж Ж.Сейсенбек 5«В» сыныбына әдебиеттік оқу пәнінен «Абайдың шаңырағы» 10.10.2022 Н.Дүйсенқұлова 5 «б»сыныбында әдебиет пәнінен «Ахмет Байтұрсынұлының өмірі» тақырыбында сабақтары өтілді.
Сабақтар өз дәрежесінде өтілді,әрбір сабаққа жеке талдаулар жасалды.Сабақ жоспары мен суреттері жинақталды.Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасу мақсатымен ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты. Бірлестік мүшелері сабақтарында әрдайым іздену, үйрену арқылы шеберліктерін арттыру үстінде. Қазіргі заман талабына сай жаңа технология элементтерін техникалық құралдар арқылы компьютер, слайд, проектормен ұштастырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруда.
13 ақпан мен 23 ақпан аралығында өткен
«М.Жұмабаевтың 130 жылдығына» орай жасалған қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің онкүндік іс-шарасы өтілді
Қ/с | Жүргізілетін іс-шараның мазмұны | Сыныбы | Мерзімі | Жауапты кісі |
1 | 1.Апталықтың ашылуы,жоспармен таныстыру | 2-11-сынып | 13.02.2023 | Ұ.Асылбаева Г.Медеубаева Э.Мұғалбаева |
2 | 1.«Конкурс чтецов стихотворений М.Жумабаева» | 7- сынып | 15.02.2023 | А. Қалдыбаева |
3 | Реферат М.Жұмабава Буклет Шекспир Буклет Дикенс | 5-cынып 6-сынып 7-сынып | 17.02.2023 | С.Тұрарбек М. Тәжібай Т.Алдаберген |
4 | «Мағжан-сыршыл ақын» тақырыбында Мағжан поэмаларынан үзінді айту | 8-11-сынып | 20.02.2023 | Ж. Шәукенова Н.Дүйсенқұлова Н. Қабылбекова Ж. Сейсенбек |
5 | «Магжан Жумабаев и современность» конкурс эссе | 9-10-сынып | 20.02.2023 | Д.Аман |
Апталық өз дәрежесінде өтті.Әр пән бірлестігіне берілген тапсырмаларды жауапты мұғалімдер өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарды.Өткізілген іс-шаралардың мәліметі мен суреттері ,слайд,видиолары жинақталды.Мад тобымен,1-сынып оқушыларының өнерлері мен киім үлгілері өте жоғарғы деңгейде апталықтың ашылуына жетекшілерімен бірге ат салысты.Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мектеп директорының мадақтамасымен марапатталды. 5- 11 сыныптардан тоқсан сайын БЖБ,ТЖБ жұмыстарын әрбір мұғалім өздері құрастырып дер кездерінде алынып отырды.
2022-223 оқу жылындағы мұғалімдердің жетістіктері:
1.Ұ.Асылбаева, Н.Дүйсенқұлова, Ж.Сейсенбек аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды
Оқушылардың жетістіктері
1.Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңде сапалы білім көрсеткені үшін 5сынып оқушысы Кенжеханқызы Кәусар марапатталды
2.Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен жүлделі 2орын алғаны үшін 9 сынып оқушысы Кадирханова Аяужан марапатталды.
3.VIII республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңінде «Шешендік өнер»сайысында 10 сынып оқушысы Шырынхан Нұрайым жүлделі 1 орын алды. Жетекшісі:Ұ.Асылбаева
4.VIII республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңінде «Үздік эссе» сайысында 10 сынып оқушысы Жарылқап Шарапат жүлделі 1орын алды.Жетекшісі :Ұ. Асылбаева
5. «Балалар әлемі» Республикалық балалар оқулары байқауының аудандықкезеңінің жеңімпазы Жетпісбек Мөлдір II дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшісі:Ұ. Асылбаева