"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ж.Дауренбектің өткен "Менің құнды қасиеттерім" атты тренинг сабағы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысының білім басқармасының
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72548)46-3-62
Есепші бөлімі:
+7(72548)46-3-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ж.Дауренбектің өткен "Менің құнды қасиеттерім" атты тренинг сабағы
31
май
2023

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ж.Дауренбектің өткен "Менің құнды қасиеттерім" атты тренинг сабағы

Тақырыбы:   "Менің құнды қасиеттерім" 

Өтілген күні: 24.02.2023жыл

Қайырлы күн құрметті ханымдар мен мырзалар ! 

Бүгінгі «Оқуға құштар мектеп жобасы аясында өтіліп жатқан» семинарымызға қош келдіңіздер!   Күндеріңізге сәттілік тілей отырып, бүгінгі сабағымды бастауға рұқсат етіңіздер!

Мақсатым:   Мұғалімдерге психологиялық көтеріңкі көңіл –күй сыйлау, және күнделікті сабақ, мектеп, жұмыс,күйбең тіршілік  осы нәрселерден уақытша демалып саяхаттап демалту.

1.Сәлемдесу

Мақсаты: Мұғалімдердің шығармашылығын дамыта отырып, бір-біріне таныстыру.

«Сылдырлы әріптер».Сылдырлы  әріптер таратылып беріледі, Ханымдар осы әріптер арқылы өздерін таныстырады.  Мысалы маған «С» әріпі түссе  Сәуледей жарқыраған, сәуле шашып жүретін  Жансауле!   

2. Жағдаяттан көңілді шығайық!

Мұғалімдердің алдына конверт таратылып беріледі.  Құрметті ханымдар сіздердің алдарыңызға сұрақтар ұсынамыз.Осы сұрақтарға жауап беріп, жағдаяттан шығуыңызды өтінемін.

3. Адам өз өмірінің суретшісі .

Қатысушылардың алдына аппақ ақ парақ ұсынамын. Осы парақ сіздердің өмірлеріңіз. Парақты басымызға қойып сурет салып әсемдейміз. Парағымызға үлкен шеңбер саламыз. Осы шеңбердің ішіне  кішкентай арал саламыз. Аралдың екі жағына  екі пальма ағашын саламыз. Оң жақ пальманың жанына қайық саламыз. Ал сол жақ бөлігіне Өзіміздің демалып, рахаттанып жатқан бейнемізді саламыз. Ал енді суретімізді алып қарайықшы, қандай сезімде болдық. Міне мұндағы айтылатын мәселе, түйілетін ой,Өміріміздің қызықты мәнді де сәнді етіп сүруіміз өзіміздің қолымызда екенін бейнеледік. Ол үшін дұрыс әрекет жасап, адал өмір сүруіміз қажет. 

4. Медитация оқу. 

Мақсаты: Мұғалімдердің жүрегіне тыныштық силай отырып, демалту.

Қане барлығымыз ең биік таудың шыңына шығып сергіп, демалып қайтайық!Музыка жай әуенмен койылып тұрады.Көзімізді жұмып, еркін отырамыз.   Салем! Қымбаттым  Өзіңізді биік таудың шыңында отырмын деп елестетіңіз. Сыңғырлаған бұлақ суы алыстан естіледі. Құстар бір-бірінен қалыспай  ән шырқауда...... Күннің сәуле шашқан шуағы сіздің жүрегіңізге жылулық ұялатуда. Қиялыңызбен арманыңызды ұштастыра отырып:

Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.

Әрбір күн, әрбір сағат сайын ,менің өмірім жақсарып барады.

Жақсылық, дұрыс таңдау және сәттілік үнемі менің қасымда

Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.

Менің қабілетім, әр күн сайын жақсаруда.

Өзіме деген сенімділік ,үнемі менің жанымда.

Мен бақытты АНАМЫН! Мен аяулы жармын,Менде бәрі бар, Мен арманыма жетемін!

Көзімізді ашып, алған әсеріңізбен бөліссеңіз.


5.Қорытындылау.

Тілек шамы. Шамды жағып, бір –біріне ұсынып, жылы лебіздерін айтады. Осы шамның жылулығындай бір –біріне жылулық сыйлау.