2020-2021 оқу жылы. Ағылшын тілі пән бірлестігі атқарылған жұмыстар туралы
«Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ағылшын тілі пән бірлестігінде 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы анықтама
2020- 2021 оқу жылында тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында қосымша білім беру, орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен ке»інгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар қашақтықтан білім алды.
Оқу жылының басында ағылшын тілі пәні бойынша биылғы оқу жылының тамыз айында, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары ұйымдастырылып, бірлестік отырысында жоспарлар талқыланып, жүктемелер бөлінді. Мұғалімдердің жылдық күнтізбелік жоспары Қазақстан Республикасы Ыбырай Алтынсарин атындағы ғылыми-әдістемелік институтының әдістемелік нұсқау хатына сәйкес жасақталды. Әдістемелік нұсқау хаттағы көрсетілген ерекшеліктерді есепке ала отырып, күнтізбелік тақырыптық жоспарлар талқыланды.Жоспарда қарастырылған мәселелер дер кезінде орындалып, жүктемелер бірлестік отырысында бөлінді.
2020- 2021 оқу жылында 1- сынып оқушыларының білімі бағаланбады, 2-4 сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктері 1-ден 10 балға дейін бағаланды (қалыптастырушы бағалау).
қ/с | Сыныбы | Апталық жүктемесі | Жылдық жүктемесі |
1 | 1 | 2 | 66 |
2 | 2 | 2 | 68 |
3 | 3 | 2 | 68 |
4 | 4 | 2 | 68 |
5 | 5 | 3 | 102 |
6 | 6 | 3 | 102 |
7 | 7 | 3 | 102 |
8 | 8 | 3 | 102 |
9 | 9 | 3 | 102 |
10 | 10 | 3 | 102 |
11 | 11 | 3 | 102 |
Ағылшын тілі пән бірлестігінің 2021-2022 оқу жылына арнаған
жылдық жоспары
Қ/с | Жұмыс бағыттары | Жұмыстың мазмұны | Мерзімі | Жауапты |
1 | ӘБ отырыстары | Пән бойынша оқу жұмыс бағдарламалары мен оқыту – әдістемелік жұмыстармен танысу | 25-27 тамыз | Л.Жанысбаева |
2 | ӘБ отырыстары | Пән бойынша тақырыптық – күнтізбелік,ақысыз үйірме, дарынды оқушы, үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспарын жоспарлау, бекіту | 25-27 тамыз | Бірлестік мүшелері |
3 | Оқушылармен жұмыс | Оқушылардың пәндік олимпиадаларын өткізу | қазан | Пән мұғалімдері |
4 | Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау | Шығармашылық тақырыптар бойынша жұмыс жүргізу | қараша | Бірлестік мүшелері |
5 | Оқушылармен жұмыс | Тоқсандық бақылау жұмыстарын алу | қараша | Бірлестік мүшелері |
6 | Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау | Мұғалімдердің пәндік олимпиадаларын өткізу | қараша | Бірлестік мүшелері |
7 | Оқушылармен жұмыс | Тоқсандық бақылау жұмыстарын алу | желтоқсан | Пән мұғалімдері |
8 | Оқу үдерісінің ұйымдастырылуын жақсарту | Мұғалімдердің шығармашылық есептерін тыңдау | қаңтар | Л.Жанысбаева |
9 | Оқытудың бағдарламалық қамтамасыз етілуі | ҰБТ,ББЖМ-ға дайындық жүргізу | қаңтар | Л.Жанысбаева Ж.Уызбай Н. Турсын |
10 | Оқытудың бағдарламалық қамтамасыз етілуі | Пәндік апталықты өткізу | қаңтар | Л.Жанысбаева Бірлестік мүшелері |
11 | Оқытудың бағдарламалық қамтамасыз етілуі | Мұғалімдер мен оқушыларды аудандық, облыстық байқауларға қатыстыру | уақытында | Л.Жанысбаева Бірлестік мүшелері |
12 | Оқушылармен жұмыс | Оқушыларды ғылыми жобалар сайысына дайындау | ақпан | Л.Жанысбаева Жауапты мұғалім |
13 | ӘБ отырыстары | Мұғалімдердің әдістемелік жинақтарын жүйелеу | сәуір | Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары И.Беркінбаев |
14 | Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау | Аудандық мұғалімдердің тамыз оқуына арналған жұмыстарын қорытындылау | мамыр | Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ. Алишеров Л.Жанысбаева |
Жоғарыда көрсетілген жылдық жоспарға сәйкес бірлестік жұмыстары өз дәрежесінде жұмыс жасалды.
Ағылшын тілі бірлестігі құрамында 9 мұғалім қызмет атқарды. Ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдеріміздің барлығы жоғары білімді мұғалімдер. Тек 1 мұғалім арнаулы орта.
қ/с | Аты –жөні | Білімі | Санаты | Пед өтілі |
1 | Жанысбаева Лаззат | жоғары | жоғары | 20жыл |
2 | Уызбай Жанар | жоғары | бірінші | 18 жыл |
3 | Курышова Салтанат | жоғары | бірінші | 14 жыл |
4 | Мұғалбаева Эльмира | жоғары | екінші | 11 жыл |
5 | Турсын Нұрсейіт | жоғары | санатсыз | 5 жыл |
6 | Алдаберген Тұрсынай | жоғары | санатсыз | 3 жыл |
7 | Тәжібай Мөлдір | арнаулы орта | санатсыз | 2 жыл |
8 | Мінапова Жадыра | жоғары | санатсыз | 3жыл |
9 | Аулан Жадыра | жоғары | санатсыз | 1 жыл |
2020-2021 оқу жылы бойынша мұғалімдердің жетістіктері
1. Аудандық «Абай даналығы» байқауының «Абай үні, Абай лебі» бағыты бойынша жүлделі 2 орынды Н. Турсын алды.
2. Ағылшын тілі пәні бойынша өткен аудандық пән мұғалімдерінің олимпиадасында жүлделі 2 орынды Т. Алдаберген ие болды.
3. Ағылшын тілі пәні бойынша «Педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық байқауында жүлделі 2 орынды Т. Алдаберген иемденді.
4. Аудандық «Абай даналығы» байқауының «Ұлы халықтың- ұлы Абайы» бағыты бойынша жүлделі 3 орынды Т. Алдаберген алды.
5. «Bilim Qazaqstan» білім орталығының Алғыс хаты және Құрмет грамотасымен Л. Жанысбаева марапатталған.
6. «Best teacher» республикалық ғылыми- әдістемелік журналына Л. Жанысбаеваның «Professions» тақырыбы бойынша №20(20)12.2021 санына іс- тәжірибесі таратылған.
7. Мектеп директорының мерекелік алғыс хатына Л. Жанысбаева ие болды.
8. Мектепішілік орыс тілі апталығы бойынша «Звездный час» байқауында 1 орын алғаны үшін Л. Жанысбаева мектеп директорының мадақтамасына ие болды.
9. «Алтын қыран-ерекше дарын иесі» зияткерлік байқауының алғыс хатына Ж. Уызбай алды.
10. «Қазақстан ұстазы» журналына іс –тәжірибе таратқаны үшін Э. Мұғалбаева журналдың Құрмет грамотасы мен 1 дәрежелі дипломымен марапатталған.
11. I Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олмпиадасында 3 дәрежелі дипломмен Э. Мұғалбаева марапатқа ие болды.
12. «Ыбырай жазулары» аудандық сайыстан 1 орын, облыстан III Дәрежелі дипломмен С. Курышова марапатталды.
Оқушылар жетістігі
1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі бойынша 9 сынып оқушысы А. Серік жүлделі 3 орынмен марапатталды. Пән мұғалімі Л. Жанысбаева.
2. Оқушылардың Кіші Ғылым Академиясының байқауында А. Серік жүлделі 3 орын алды. Ғылыми жетекшісі Л. Жанысбаева.
3. Daryn online платформасы ұйымдастырған I Республикалық «Жас полиглот» олимпиадасының 3 дәрежелі дипломымен А.Серік марапатталды. Пән мұғалімі Л. Жанысбаева.
4. Аудандық 5 сынып оқушыларына арналған олимпиадада 2 орынды Б. Аспандар жеңіп алды. Пән мұғалімі Л. Жанысбаева.
5. «Altyn qyran- ерекше дарын иесі» зияткерлік байқауының 3 орын жеңімпазы 8 сынып оқушысы К. Жарылқап, 3 сынып оқушылары К. Әбдімәлік 3 орын, Б. Байдуанов 2 орынға ие болып, марапатталған. Пән мұғалімі Ж. Уызбай.
6. 7 сынып оқушысы М. Темірхан «Тіл -халықтар алтын көпірі» олимпиадасына қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. Пән мұғалімі С. Курышова.
Өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы:
Жиынтық бағалау рәсімдері | ||||
І тоқсандағы БЖБ саны | ІI тоқсандағы БЖБ саны | ІII тоқсандағы БЖБ саны | ІV тоқсандағы БЖБ саны | |
2-11 | 2 | 2 | 2 | 2 |
Тоқсандық жиынтық бағалау рәсімдері | ||||
І тоқсандағы ТЖБ саны | ІI тоқсандағы ТЖБ саны | ІII тоқсандағы ТЖБ саны | ІV тоқсандағы ТЖБ саны | |
2-11 | 1 | 1 | 1 | 1 |
2020-2021 оқу жылы ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың білім сапасы туралы мәлімет:
№ | Сыныбы | Оқушы | Үлгерімі | Орташа балл | Үлгерім % | Біл. Сап. % | |||||||||||||||
«5» | «4» | «3» | «2» | ||||||||||||||||||
1 | 2 | 72 | 22 | 26 | 24 | 3,9 | 100% | 66,6% | |||||||||||||
2 | 3 | 80 | 25 | 28 | 27 | 3,9 | 100% | 66,2% | |||||||||||||
3 | 4 | 78 | 20 | 32 | 26 | 3,9 | 100% | 66,6% | |||||||||||||
4 | 2-4 | 230 | 67 | 86 | 77 | 3,9 | 100% | 66,5% | |||||||||||||
5 | 5 | 65 | 18 | 28 | 19 | 3,8 | 100% | 70,7% | |||||||||||||
6 | 6 | 64 | 18 | 27 | 19 | 3,7 | 100% | 70,3% | |||||||||||||
7 | 7 | 68 | 20 | 31 | 17 | 3,8 | 100% | 75% | |||||||||||||
8 | 8 | 60 | 12 | 27 | 21 | 3,8 | 100% | 61,6% | |||||||||||||
9 | 9 | 55 | 11 | 24 | 20 | 3,7 | 100% | 63,6% | |||||||||||||
10 | 5-9 | 312 | 79 | 137 | 96 | 3,7 | 100% | 69,2% | |||||||||||||
11 | 10 | 53 | 20 | 20 | 13 | 3,8 | 100% | 75,4% | |||||||||||||
12 | 11 | 46 | 4 | 22 | 20 | 3,7 | 100% | 56,5% | |||||||||||||
13 | 10-11 | 99 | 24 | 42 | 33 | 3,7 | 100% | 66,6% | |||||||||||||
Жалпы: | 2-11 | 641 | 170 | 265 | 206 | 3,7 | 100% | 67,8% | |||||||||||||
Шетел тілі бойынша сабақтан тыс жұмыс үлкен білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие. Бұл жұмыс шетел тілі бойынша оқушылардың білімдерін терңдетіп қоймай, сондай- ақ оны кеңейтуге, мәдениеттанушылық ой- өрісін дамытуға, олардың шығармашылық белсенділігін, эстетикалық талғамын және соның нәтижесі ретінде тілге және елдің мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Бұл, міндетті курспен бірге оқытудың практикалық, тәрбиелік, білім беру және дамыту мақсаттарын неғұрлым толық жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.
18-28 қаңтар аралығында онлайн форматта өтілген ағылшын тілі пән бірлестігінің « Different language is a different vision of life » атты онкүндігінің іс-жоспары
Қ/с | Іс-шара жоспары | Мерзімі | Сыныптар | Жауапты |
1. | Апталықтың ашылуы. | 18.01.21. | 1-10 сыныптар | Бірлестік мүшелері |
2. | «Kazakhstan is my Motherland» шығармалар байқауы | 19.01.21. | 10 сыныптар | Т. Алдаберген |
3. | Ребустарды шешу | 20.01.21. | 8-10 сыныптар | Н. Тұрсын |
4. | «Abai’s poems» Абай өлеңдерін мәнерлеп айту | 20.01.21. | 3-4 сыныптар | М. Тәжібай |
5. | «Abai’s words» | 21.01.21. | 8 сыныптар | Ж. Уызбай |
6. | Ағылшын ақын- жазушыларының өмірі мен шығармашылығына шолу | 22.01.21. | 9 сыныптар | Ж. Мінапова |
7. | «Abai’s songs»Абай әндерін орындау | 23.01.21. | 5 сыныптар | Л. Жанысбаева |
8. | «The leader» | 23.01.21. | 6 сыныптар | Ж. Аулан |
9. | Ашық сабақтар «Health» | 25.01.21. | 6 сынып | Э. Мұғалбаева |
10. | «Ordering food» | 26.01.21. | 6 сынып | Ж. Аулан |
11. | «Poliglot» | 27.01.21. | 7 сыныптар | Э. Мұғалбаева |
12. | «Myself» | 27.01.21. | 2 сыныптар | Т. Алдаберген |
13. | Апталықты қорытындылау | 28.01.21. | 2-10 сыныптар | Бірлестік мүшелері |
(Мәліметтер 1 қосымшада көрсетілген)
Ашық сабақ жоспары
Қ/с | Мұғалімнің аты- жөні | Сабақтың тақырыбы | Мерзімі | Сыныбы |
1. | Уызбай Жанар | Sport | 04.12.2020. | 8 в |
2. | Мұғалбаева Эльмира | Health services grade | 26.01.2021. | 6 a |
3. | Турсын Нұрсейт | Analyzing the advantages and disadvantages of biofuels | 23.12.2020. | 10 б |
4. | Алдаберген Тұрсынай | Profession | 27.11.2020. | 5в |
5. | Мінапова Жадыра | Happy birthday | 17.02.2021. | 1 a |
6. | Аулан Жадыра | Ordering food | 20.01.2021. | 6б |
7 | Жанысбаева Лаззат | Professions | 26.11.2020. | 5б |
Ағылшын тілі пән бірлестігінің жетекшісі : Л. Жанысбаева
