"Балам үйде және мектепте" тренингі және ата-аналарға психологиялық кеңес беру. » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысының білім басқармасының
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72548)46-3-62
Есепші бөлімі:
+7(72548)46-3-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
май
2023

"Балам үйде және мектепте" тренингі және ата-аналарға психологиялық кеңес беру.



      Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының адами әлеуеттік 

дамыту бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп» 

КММ-де 12.05.2023ж жылғы «Балам үйде және мектепте» ата-аналарымен  тренинг өтілді. 

Кездесудің басты мақсаты: Бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру.Ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Ата-аналардың балаға үйде дұрыс тәрбие беруде жауапгершілігін нығайту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, әдістемелік көмектер беру.Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.

Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес деген қорытынды айтылды.