Жолда жүру ережесі туралы мәлімет
«Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектеп «мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 2020-2021оқу жылында бастауыш сынып оқушыларының жолда жүру ережелері туралы мәліметі
Мектебімізде 1-4 сынып оқушылары аралығында
жолда жүру ережесімен таныстыру, ережелерді есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында «Абайлаңыз! Балалар!» акциясы болды.
Мақсат - балаларға жол ережелерін таныстырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Акция аясында мектеп медбикесі З.Кумисова «Жол апаттары кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек» тақырыбында мектеп оқушыларына дәріс сабақ өткізді. Оқушылар дәріс сабақта жол апаттары кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек туралы жан-жақты түсіндірді.
«Абайлаңыз! Балалар!» акциясы аясында «Жолда жүру ережесін білесің бе, балақай?» тақырыбында 1-4 сынып білім алушыларына танымдық сабақтар болып өтті. Танымдық сабақта оқушылар көше туралы, ондағы қозғалыс, жолда жүру ережесін есте сақтауға, жол белгілерін түрлері , оны білу не үшін қажет екендігі , бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін туралы толықтай мағлұмат алды. «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік», «Жол белгілерін білейік, қауіпсіз өмір сүрейік», «Басталар әр қадамың аттауменен, жол жүру ережесін
сақтауменен», «Жол белгілері және оның мақсаты»тақырыбында сынып сағаттары өтті.Сынып сағаттарында оқушылар жолда жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы мәліметтер берді. Сынып сағаттары тәртіптілікке, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Похожие публикации:
Себебі жолда жүру ережесін сақтау өте маңызды. Балалар жолдан өткенде әсіресе абай болуы қажет. Бағдаршам тілін үйрету де қажет. Ал жол бойындағы тақтайшалардағы түрлі белгілер ол жаяу жүргіншілерге арналмаған, олар көлік жүргізушісіне арналған тақтайшалар. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі. Жол жүру ережелері балаларға мектеп жасынан түсіндірілгені дұрыс. Мәселен, бағдаршамның қызыл түсін жанған сәтінде жолды кесіп өтуге болмайды. Бағдаршамның сары түсінде жолдан өтуге дайындалып, жасыл түсі жанғанда өтуге болады. Бұл бізге ең алғаш түсіндірілетін жол ережелері болып табылады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолы жолда ақ жолақшалармен белгіленеді. Егер де оның тұсында таяқша тұрса, сонда көрсетілген белгі бойынша жүріп отыруы керек еді.
Оқушылардың жұмыс істеу сәтінен


Суреттер көрмесі
