Өмір қауіпсіздік негіздері бастауыш сынып





Бастауыш сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» курсының тақырыптары «Дүниетану» пәні сабақтарына төменгідей кіріктіріледі:
№ | Тақырыптар | Сағат саны | ||||
1- сынып | ||||||
1. | Қоршаған әлем. Табиғат құбылыстары. | 1 | ||||
2. | Адам. | 1 | ||||
3. | Табиғат. Ауа райы. | 1 | ||||
4. | Қыс. | 1 | ||||
5. | Көктем. | 1 | ||||
6. | Өсімдіктердің адам өміріндегі мәні. | 1 | ||||
Барлығы: | 6 | |||||
2- сынып | ||||||
1. | Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы. Адам және табиғат. | 1 | ||||
2. | Табиғат.Ауа. | 1 | ||||
3. | Табиғат. Су. | 1 | ||||
4. | Табиғат. Топырақ. | 1 | ||||
5. | Өсімдіктердің тіршілігі.Өсімдік – тірі ағза. | 1 | ||||
6. | Табиғатты қорғау ережесі. | 1 | ||||
Барлығы: | 6 | |||||
3- сынып | ||||||
1. | Адам – табиғат перзенті. | 1 | ||||
2. | Табиғат және адам. | 1 | ||||
3. | Ауа. Су. Ауа райы | 1 | ||||
4. | Тау жыныстары және оны қорғау. Мұнай және табиғи газ. | 1 | ||||
5. | Адамдардыңөсімдіктіөзпайдасынажаратуы. | 1 | ||||
6. | Бунақденелілер. | 1 | ||||
Барлығы: | 6 | |||||
4-сынып | ||||||
1. | Табиғат. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі. | 2 | ||||
2. | Пайдалы қазбалар, олардың топтары. | 1 | ||||
3. | Су. Су айналымы. | 2 | ||||
4. | Ауаны ластаушы заттар. | 1 | ||||
5. | Ауа райын бақылау күнделігімен жұмыс. | 1 | ||||
6. | Қауіпсіздік ережелері. | 1 | ||||
7. | Жер –ғарыш денесі. | 2 | ||||
Барлығы: | 10 | |||||
Барлығы1-4 - сыныптарда | 28 сағат | |||||
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады;
«Өмір қауіпсіздігі негіздері» бағдарламасы
Бөлім тақырыптары Наименование раздела | Мазмұны Содержание | Сыныптар бойынша сағат саны Количество часов по классам | |||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
1. Төтенше жағдайдағы қорғаныс және қауіпсіздік Безопасность и защита в чрезвычайных ситуациях | 1.1. Оқушылардың қауіпсіз шарттардағы мінез-құлықтары | 6 | 6 | 6 | 6 |
2. Медициналық білім негіздері және балалардың денсаулығын қорғауОсновы медицинских знаний и охраны здоровья детей | 2.1. Медициналық білім негіздері және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері | 2 | |||
2.2. Салауатты өмір салтының негіздері | 2 | ||||
ИТОГО БАРЛЫҒЫ | 6 | 6 | 6 | 10 | |
Мектеп оқушыларына арналған қауіпсіздік ережесі
Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі
Көше ережелері туралы тыңдау.
1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп - тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс.
Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.
3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы
кездескен үлкен кісіге жол бер.
4. Тротуармен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.
Алтын ұя мектебіміз ауылдың ортасында орналасқан. Орталық жерден өтетін ерсілі - қарсылы машиналар саны көп. Сондықтан әрбір оқушы күнделікті мектепке келерде көшеде жүру тәртібін жақсы білуі керек.
1. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.
2. Алдыңнан машина шықса жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3. Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе.
4. Жер тайғақ болса, жолда абайла.
5. Ауылымызда тротуар жоқ, сондықтан жолдың оң жақ шетімен жүр.
Қалада
Сен бір қалаға келдің делік. Ауылға қарағанда мұнда адам да көп, машина да көп. Ал енді сол қала көшелеріндегі лек - лек халық пен ерсілі - қарсылы ағылған машина, автобус, троллейбкс,
трамвайлар арасынан дұрыс жол тауып өту үшін сен көшеде жүру тәртібінің негізгі
ережелерін жатқа білуің керек.
Ол мына ережелер:
1. Екі көшенің қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта сызылған жалпақ ақ
жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның жасыл шамы жанған кезде ғана
көшені кесіп өтуге болады.
2. Жүріп келе жатқан машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.
3. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
4. Көше қиылыстарында бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса өтіңіздер деген сөз көрінгенде ғана көшені кесіп өтуге болады.
___
Судағы, су қоймаларындағы қауіпсіздік ережесі
Судағы төтенше жағдайлардың басты себептері, азаматтардың құтқарушылармен күзетілмейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен және оларды ұстанбауынан, ішімдік ішіп шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып тұр.
Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:
- тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
- шомыла білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
- шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
- жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
- жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;
- жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;
- қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
- суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар.
Құрметті ата - аналар, мұғалімдер!
Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрацтармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.
Азаматтар! Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы жазғы демалыс қайғылы болмайды.
Естеріңізде болсын! Егерде Сізбен қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса «112» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар.